Облыс тұрғындарын тұмауға қарсы иммундау үшін 70 000 доза көлемінде «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Қазіргі таңда ауруға қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуевтың айтуынша, осы уақытқа дейін 12 535 адамға екпе салынды. Бұл – облыс тұрғындарының 1,8 %-ы.
Айта кетейік, тұмау эпидемиясымен күрес облыс әкімдігінің қолдауымен орындалады. Аталған 2020-2021 жылдың эпидемиялық маусымға жергілікті бюджеттен 60 млн 706 мың 100 теңге қаражат бөлінген.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА