15 шағынаудандағы 5, 3, 4, 19, 25, 26, 27, 12 үйлеріне техникалық су беру уақытша тоқтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласы әкімдігінің мәліметінше, техникалық су құбырында ақау шыққан. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.