Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Қала басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтарын ортаға салды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, жер кезегі, жұмыссыздық, құжаттарды рәсімдеу бойынша мәселелерін көтерді. Жалпы кездесуге 15 адам келді. Соның бірі 75 жастағы Динара Жасарова. Ол тұрғын-үй кезегінде мүгедектік бойынша өз кезегін күтіп жүр.
"Бүгін мәселем бойынша әкімнің қабылдауына келіп, айттым. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, өмір бойы ұстаз болдым. Денсаулығым да мәз емес. Айтылған жағдайым ескеріліп, шешілсе қуанар едім",- деді Динара Жасарова.
Еске сала кетейік, карантин режиміне байланысты қала әкімінің осы уақытқа дейін қабылдауы өткен жоқ. Қазан айынан бастап, қала әкімінің қабылдауы басталғанын хабарлаймыз. Төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласып, алдын ала жазылуға болады: 336526, infoaktau@mangystau.gov.kz, делінген хабарламада.