Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал ақтілерін тіркеу бөлімінің басшысы Марат Оразалиев мәлімдеді.
«Биыл елімізде алғаш рет мектеп оқушылары соңғы оқу тоқсанын қашықтан оқыды. Бұл мектеп бітіруші түлектеріміз үшін оңай болмағанымен, сынақты жеңіп шықты. Нәтижесінде аудан бойынша 171 мектеп бітіруші түлек мемлекеттік грант жеңіп алса, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындалды. Яғни, аудан мектептерін бітірген 24 түлек әлеуметтік көмек арқылы еліміздің жоғарғы оқу орындарында тегін оқитын болды», - деді Марат Оразалиев.
Айта кетейік, биыл Маңғыстау ауданы бойынша 33 студент ЖОО бітіріп, 20 студент жұмысқа орналасқан.