Маңғыстау-5 елдімекенінде орналасқан провизорлық орталық жабылды. Арнайы стационар 4 шілде күні ашылған. Екі айға жуық жұмыс істеген орталықта 684 коронавирус жұқтырған науқас емделіп шықты.
Оның 394-і амбулаторлық емге жіберілді. Ауыр жағдайда 35 науқас облысқа жолданды. 251 науқас қабылданды, соның ішінде 28 науқас облыстағы провизорлық орталыққа жіберілді, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Мұнайлы ауданы бойынша 24.04.2020–25.08.2020 жыл аралығында 481 адам коронавируспен ауырған. Ал 74 адам пневмониямен тіркелді. Қазіргі таңда 22 адам коронавирусқа және 47 адам пневмонияға қарсы амбулаторлық ем қабылдап жатыр.