Жаңаөзендегі инфекциялық госпитальде осы уақытқа дейін 200-ден астам науқас ем қабылдады. Қазір провизорлық орталықта 10 адам пневмония диагнозымен ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлер тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
«Әлде де босаңсуға болмайды. Халық көп шоғырланатын жерлерге, той-садақаларға әлде де бармағаны дұрыс. Күз айларында жедел респираторлы инфекциямен қатар коронавирусты инфекция болады деген болжам әлі де сейілген жоқ. Сондықтан халқымыз сақ болғаны дұрыс», - дейді Жаңаөзен қалалық бас дәрігерінің м.а Жаңабай Оңайбаев.
Қазір Жаңаөзенде провизорлық стационарлардың материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. «Мұнайшы» клиникасында 60 төсек провизорлық стационар жасақталып жатыр. Онда компьютерлік томография мен рентген аппараттары сатып алынады. Бұл мақсатқа демеушілер есебінен 1 млрд 246 млн теңге қарастырылып отыр.