Бұл туралы Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлбақыт Таңжарбайқызы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, биыл 3 590 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
«2020 жылы халықты жұмыспен қамту орталығына 3 201 адам хабарласты. Биыл ауданда 3 590 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. Соның ішінде жыл басынан бері 2 925 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде тұрақтысы - 2 700, уақытша - 225. Аудан аумағына қарасты мекемелерге халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы тұрақты жұмысқа 574 адам орналасты. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында 9 жоба бойынша 291 азамат жұмысқа жолданды. Есепті кезең соңында тіркелген жұмыссыздар саны – 1 195 адам», - деді ол.
Жоспар бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағытымен барлығы 210 адамды оқыту жоспарланып отыр.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 28 азаматқа 124 мың теңге несие берілді. (14 азамат мал шаруашылығына, 5 азамат азық-түлік дүкеніне, 7 азамат жүк тасымалына, 1 азамат пластикалық өнімді шығаруға, 1 азамат такси қызметіне,) Сонымен қатар қосымша 18 азаматтың жолдамасы несие алуға жолданды.
Жаңа бизнес идеяны іске асыруға жоспар бойынша 60 адамға (200 АЕК-555 600 теңге) 33 336,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жаңа бизнес идеяны іске асыруға 40 азаматқа 22 224,0 мың теңгеге грант берілді. «Бастау бизнес» курсына 159 азамат жолданды.
Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында Жастар практикасына барлығы 58 057,0 мың теңге ( РБ -27438,0 мың теңгеге 69 адамға , қосымша сәуір айынан бастап 30 619,0 мың теңге 77 адамға) бөлініп, 20 284,0 мың теңге игеріліп, 180 адам (жоспар 146) жолданды. Тұрақты жұмысқа 5 адам жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 13 826,0 мың теңге бөлініп, 3 622,0 мың теңге игеріліп, 61 адам (жоспар 57 ) жолданды. Тұрақты жұмысқа 7 адам жолданды.
Қоғамдық жұмысқа барлығы 123 286,0 мың теңге (ЖБ -90 286,0 мың теңге , РБ-33 000,0 мың теңге шілде айынан) бөлінді, 28 833,0 мың теңге игеріліп, оның ішінде 264 адам (жоспар 245 адам (МБ- 145, РБ – 100,) жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмысқа 10 адам орналасты.