Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласында болды. Ол «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылап, қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды mаngystaumedia.kz сайты.
Алдымен өңір басшысы №5 Өндірістік аймақта орналасқан Жаңаөзен ауданаралық туберкулез ауруханасының жағдайымен танысты. 100 орындық аурухана 2010 жылы пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда медициналық мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауруханадағы қызметкер саны – 28. Жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес тамыз айының соңында пайдалануға берілмек. Облыс әкімі нысанның сапасына мән беріп, мерзімінде аяқталуын тапсырды.
Содан соң аймақ басшысы 2018 жылы Ақбұлақ шағынауданында құрылысы басталған «Бейбітшілік» тұрғын үй кешеніне барды. Жоба бойынша тұрғын үй кешенінде 23 үй тұрғызылады. Қазір тұрғын үй құрылысының 1-кезеңі бойынша 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 1,2-ші тұрғын үйлердің электр желілері толықтай жүргізілді, ауыз су желісі тартылды, газ желісі 95%, жылу жүйесі 85% аяқталған. Кәріз желісі 80% орындалды. Жалпы құрылыстың құрылыс-монтаждау жұмыстары 90% аяқталып тұр. Үлескерлерге алғашты нұсқадағы пәтерлер беріле бастады. Облыс әкімі құрылыс компаниясына жобаны уақытылы аяқтауын, сапасына аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Сондай-ақ үлескерлер мәселесі туындамас үшін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұруды тапсырды.
Іс сапар барысында С.Трұмов мамыр айында Жалын шағынауданда құрылысы басталған Жаңаөзен қалалық мемлекеттік мұрағат ғимаратының жұмыстарымен танысуға барды. Құрылыс жер учаскесінің алаңы – 0,25 Га. Оның ішінде: ғимараттың жалпы ауданы - 699,29 м2, пайдалы ауданы - 658,16 м2, құрылыс көлемі - 2 814,3 м2. Бүгінгі таңда ішкі тоқ жүйелері жүргізіліп, сыртқы қоршаулары орнатылған. Ішкі сылақ жұмыстары жүріп жатыр. Нысан жоспарға сай жыл соңында аяқталады. Аймақ басшысы құрылыстың сапасы және мерзімінде аяқталуына баса назар аудару керектігін ескертті.
Сонымен қатар өңір басшысы Жаңаөзен білім инновация лицей интернатында болып, құрылыс жұмыстармен танысты. Инновация лицей интернеты 2015 жылы облыс әкімінің №3 қаулысымен құрылды. Бүгінгі таңда 82 қызметкер 167 оқушыға білім беріп жатыр. Білім ордасы 220 оқушыға арналған және 110 орындық жатақханасы бар. Білім ордасындағы құрылыс 100 % аяқталып, білім маусымында ашылғалы отыр.
Сондай-ақ өңір басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарына арналған провизорлық орталыққа барды. Қазір онда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс аумағы – 1,21 Га (оның ішінде: ғимарат - 2500 м2, құрылыс көлемі - 7500 м3). Нысанның 1 қабатында 10 бөлме, 1 конференция зал, ал 2-қабатында 9 бөлме, 1 конференция зал бар.Бүгінде медициналық нысан емдеу-профилактикалық қызметін көрсету мақсатында Жаңаөзен қаласының тұрғындарына арналған провизорлық орталық болып қайта құрылуда.