Бейнеу ауданы аумағында шілденің 24-і мен тамыздың 30-ы аралығында “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерінінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашу.
Қазіргі таңға дейінгі атқарылған жұмыс нәтижесінде Бейнеу АПБ ЖПҚб полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде аймақ аралау жұмысы барысында барлығы 24 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды.
Оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы “Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру” – төрт, 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” – бір, жиі анықталатын бұзушылықтардың бірі 440-бабы “Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу” фактілері – 13, 608-бабы “Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру” – алты дерегі анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында Қылмыстық кодекстің 378-бабы “Билік өкілін қорлау” екі дерегі тіркеліп, қылмыстық іс құжаттары аудандық сотқа жолданды.
“Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша жұмыстар жалғасуда.