Бүгін Шамқан Орынғалиева есімді 82 жастағы тұрғын пневмониядан жазылып үйге шығарылды. Ол осыдан 3 апта бұрын өте ауыр деңгейде өкпесі қабынып, дем жетпей аурухана келген болатын.
Оның айтуынша, ауруханада 1 апта жатып, кейін шыдамы жетпей дәрігерлердің нұсқамасынан бұрын үйден емделуге кеткен. Алайда үйде тыныс алуы қиындаған соң қайта провизорлық стационарға келіп, 2 апта дәрігерлердің бақылауында болды.
«Осы уақытқа дейін ешқандай ауруға мойымайтын едім, бірақ 82 жасқа келгенде пневмониямен ауырдым. Мұндай кезде бірнеше ауруын бірден асқынады екен. Бүгін дәрігерлер жағдайымның жақсы екенін айтып, үйге шығарып жатыр. Маған екі апта бойы қарап, емдік шараларды ұсынған дәрігерлерге алғысымды айтамын», - дейді тұрғын Шамқан Орынғалиева.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет, видео автордан