Қашықтан оқыту барысында компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 6 700-ге жуық компьютерлік құрылғы сатып алу процедуралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық білім бөлімінің басшысы Асқар Сейдалиев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қашықтан оқыту барлық мектептерде mektep.edu.kz электронды журналы ақпараттық жүйесіндегі www.ok.edus.kz платформасында жалғасады.
Платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мен үй тапсырмалары, оқушымен кері байланыс, сынып жетекшілерінің сыныппен жұмыс жасау функционалы іске қосылды.
Сонымен қоса барлық мектептер цифрлық білім беру ресурстарын қолданатын болады.
Қашықтықтан оқытуды сапалы жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар өңірдегі байланыс операторларымен интернет жылдамдығы әлсіз шалғай елді мекендерге интернет жүргізу жұмыстары жүргізіп жатыр.