Биыл жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 19 900 оқушы қабылданады деген болжам бар. Қазіргі таңда 12 мыңнан аса өтініш түсіп үлгерген. туралы өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Осы орайда ата-аналарға уақыттың аз қалғандығын ескерткім келеді. Электронды портал арқылы өтініш беруді жылдамдату керек. Карантиндік шеутеулерге байланысты биыл барлық мектепте оқыту қашықтан жүргізіледі. Аталған елді мекендердегі соңғы екі аптадағы ауырғандардың үлесі анықталып, қатер деңгейі төмендеген жағдайда қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі оқу процесі жүзеге асырылады», - дейді Асқар Сейдалиев.
Сонымен қатар қыркүйек айында 6 мектеп пайдалануға беріледі. Ал жыл соңына дейін 34 шағынауданындағы 1 мектеп іске қосылады деп жоспарланып отыр.