66 жастағы Рзабек Мамутов өкпе қабынуы ауруымен ауырған, қазір науқастың жағдайы жақсы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол өзін жайсыз сезініп, көпке дейін қызуы түспеген соң дәрігердің көмегіне жүгінген. 13 шілде күні стационарға ауысты.
«Дәрігерлерге дән ризамын, қолдарынан келген көмегін аямады. Бұл вирустың барын жоққа шығаратындарға айтарым, осы алып-қашпа әңгімелерге сенуді доғару керек, індет туралы аз айтылып жатқан жоқ. «Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтылмаса керек. Ең бастысы сақ болған дұрыс, түрлі жиындарға баруды тоқтатқан жөн», - дейді ол.