Басқұдық ауылының тұрғыны 67 жастағы Айтбай Атабаев дене қызуы көтерілген соң жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Қазіргі таңда науқастың провизорлық стационарда ем алып жатқанына бір апта болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін дәрігерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар жылы шырай танытып, үйдегідей күтім жасаған техникалық қызметкерлер мен медбикелерге де ерекше риза екенін айтты.
«Үйде отырғанымда кенеттен жағдайым нашарлай түсті. Сол себепті жедел жәрдем бригадасын шақырттым. Дене қызуым 39-дан түспеді. Тіпті аяғымды баса алмай қалдым. Денсаулық – басты байлық. Бұл ретте ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор. Қазақ елі тездетіп осы індеттен құтылса деген тілегім бар. Бетперде киіп жүрген дұрыс, халық көп шоғырланатын орындарға баруды тоқтатқан жөн деп ойлаймын. Ауруханада ем алып, қазір тәуір болдым. Дәрігерлер аянып қалып жатқан жоқ», - дейді А. Атабаев.