Ақтаудағы 1, 5, 9, 11, 13, 14, 15, 22, 28, 28 «а», 29 шағынаудандарда ішкі ойылған жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жөндеу жұмыстарды мердігер мекеме «Ондасын Строй» ЖШС жүргізіп жатыр.
«Биыл шағынаудандар бойынша ішкі ойылған жолдарды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 91 млн 400 мың теңге (19800 м2) бөлінді. Бұдан бөлек шағынаудан периметрлерінің жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 124 млн 787 мың теңге қаралған. Оған 3, 4 және 8 «а» шағынаудандарының жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды», - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алпысбай Таубаев.
Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 7 шағынауданішілік жаяу жүргінші және автокөлік жолдарына, балалар мен спорт алаңдарына жөндеуден өтіп жатыр. Мердігер мекеме - «Актау-НШ» ЖШС. Келісім шарт құны – 352 млн 63 мың теңге. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.