Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн-брифингте Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алпысбай Таубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қала ішін абаттандыруға жергілікті бюджеттен 123 млн 491 мың теңге бөлінген.
«Қазіргі таңда қала бойынша абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шағынаудандардың периметрлері бойынша жаяу жүргіншілер жолдарын қайта қалпына келтіру, орталық көшелердің тіреу қабырғаларын сырлау, 14-15 шағынаудандардағы кіші баннерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жағалаудағы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын және спорт алаңдарын сырлау жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы ескерткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын қайта сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстары атқарылуда», - деді ол.