Ақтауда 9 балалар ойын алаңының құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Балалар ойын алаңын қайта салу үшін жергілікті бюджеттен 90 млн 90 мың теңге бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде «Ондасын Строй» ЖШС жеңімпаз атанған.
Сондай-ақ қалада 6 спорт алаңының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған спорт алаңдары үшін 72 млн 962 мың теңге қаражат қарастырылды. Айта кетейік, спорт алаңдарындағы жұмыстарға мердігер мекеме «Заман Актау» жауапты. Бүгінгі таңда Спорт алаңдары 11-21, 17-Дукат, 28а-1, 14-46, 32а-13 шағынаудандарға салынады.