Бүгін Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері қала әкімдігімен бірлесіп шағынаудандарға дезинфекция жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
50-ге жуық әскери қызметші қаладағы 1 және 3 «а» шағынаудандарды, 26 шағынауданда орналасқан аурухана айналасын залалсыздандырды.
Дезинфекция жұмыстары 25 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында аймақтағы барлық шағынаудан дезинфекцияланады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА