Ақшұқыр ауылындағы 5 көшенің ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өтті. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың он көшесіне қаражат қарастырылып, оның ішінде Қожабергенова, Қожашев, Айдаров, Ақжол және Сарсенов көшелерінің жолдарына жөндеу жұмыстар аяқталды. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімі Айбек Қосуақов мәлімдеді.
Жөндеу жұмыстары аяқталған көшелердің ұзындығы 3,2 шақырым. Қалған 5 көшеге Үштерек, Жаңа-Қоныс, Е.Аманов, Бескожаева және Бегей көшелерінің ауылішілік автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары жылдың аяғына дейін аяқталып, халық игілігіне беріледі деп күтілуде.
«Биыл жоспар бойынша Ақшұқыр ауылындағы 24 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтетін болады. Ақшұқыр ауылының басқада көшелеріне жобалық сметалық құжаттарын жасақтау үшін бюджетке ұсыныстар берілуде», - дейді Түпқараған ауданының әкімі А.Қосуақов.
Қазіргі таңда Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша ауылішілік жолдардың 13 шақырымына құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 13 шақырымның жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынып бюджеттік өтінім берілді. Қалған шақырымдарға жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін бюджетке ұсыныс берілді.