Түпқараған ауданындағы 4 мектеп бейнебақылаумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы онлайн брифингте Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудандағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп, М.Горький мектеп лицей, Шахта орта мектебі және М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясына бейнебақылау орнату үшін 9 млн бөлінген.
Сонымен қатар облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы аясында аудандағы 5 мектепке 27 000 000 тг қаражат бөлініп, ішкі әжетханалармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда М.Горький мектеп-лицейі және З.Баймырзаев атындағы орта мектептің жұмыстары аяқталды, ал Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, Шахта орта мектебі және М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназияның құрылысы жалғасып жатыр.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектепте қайта құрымдауына және Сайын Шапағатов ауылдық округіндегі «Г.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейіне» ғимараттың ағымдығы жөндеуіне қаражат қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудандағы үш ауысымды жою мақсатында Ақшұқыр ауылынан салынған 600 орынды мектептің құрылысы аяқталып, осы оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.