Биыл FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау бағытынан Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау, Қарағанды қалаларына ұша бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
21 маусымнан бастап FlyArystan ұшақтары Ақтаудан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатынады. Ал 1 шілдеден бастап Ақтау – Шымкент рейсі іске қосылды, ең төменгі баға – 9999 теңге.
15 шілдеден бастап Атырауға ұшу бағасы 4999 теңге болса, ал 1 тамыздан лоукостер ұшақтары Қарағандыға 11999 теңгеге қатынайтын болады.