Құрық ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын салу құрылысы жалғасып жатыр. Жоба бойынша салынатын жолдың ұзындығы Сатпаев, Маметова, Автобаза, Жолшы массив, 5, 10, 13, 14 шағынаудандарды қосқанда 7,1 шақырым болады. Мердігер мекеме - «Ақ жол құрылыс» ЖШС, келісімшарттың жалпы құны – 302,6 млн теңге.
«2019 жылы Жолшы массив, 5,10,14 шағын аудандардың жол жөндеу құрылысына 150,0 млн теңге қаржы бөлініп, 3552 / / метр жолдың құрылысы аяқталған болатын. 2020 жылға жергілікті бюджеттен 152,6 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың шілде айы деп есептеп отырмыз», – деді «Қарақия аудандық тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің сектор меңгерушісі Асан Чукин.