Маңғыстау ауданында «Еңбек» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері 20 тұрғын 81 млн несие алған. Бұл туралы онлайн брифингте Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау ауданы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында біршама қызметтер атқарылды.
Бүгінде ауданда жалпы 2 737 шағын және орта кәсіпкерлік субьект, жұмыс істеп тұрған 2 685 шағын және орта кәсіпкерлік нысан бар, өсім – 1,9%.
Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы арқылы ауданның шаруагерлеріне 170,0 млн.теңге жоспарланды. Барлық ауыл, ауылдық округтың тұрғындарына, кәсіпкерлермен шаруа қожалықтарына қордан берілетін несиелер жөнінде айтылды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының мамандары да жекелей түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бағдарламаға сәйкес жинақталған құжаттар қаржы беру ұйымына жолдануда, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілетін құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілуде.
Бірінші жартыжылдыққа жоспар 76,5 млн теңге болса, бұл жоспар артығымен орындалып, 20 адам 81 млн теңге несие алған. Есепті кезеңге жоспар орындалысы – 105,9 пайыз. Несие алғандардың дені аудан орталығының тұрғындары, Ақшымырау, Онды, Өтес, Үштаған, Шебір ауылының шаруагерлері де бағдарламаның шапағатын көрген.