Маңғыстау мен Атырау облыстарында медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ол аймақтарға дәрігерлерді жіберу мәселесі шешіліп жатыр.
Кадр жетіспеушілігі мәселесі министрліктің бақылауында тұр.
«Сөзсіз, жаңадан жұмысқа келген медицина маманы нұсқаулықтан өтеді. Қазіргі уақытта кадрлардың мәселесін шешу үшін колледждер ресурстарын, медициналық ЖОО-лардың профессорлық және оқыту құрамын, волонтерлерді жұмылдыруды көздеп отырмыз», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Еске сала кетейік, аймақта реаниматологтар, инфекционисттер, терапевттер және жалпы практика дәрігерлері тапшы. Аталған мәселені шешу үшін облысқа Алматы, Мәскеу қалаларынан жоғары білікті медицина мамандары келеді деп жоспарланған болатын.