Маңғыстау облысына Алматы, Мәскеу қалаларынан жоғары білікті мамандар келеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аймақта реаниматологтар, инфекционисттер, терапевттер және жалпы практика дәрігері тапшы. Қазіргі таңда аталған мамандарды өңірге алдыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар провизорлық орталықтарда 30-ға жуық волонтер қызмет жүр. Олардың ішінде облыстық волонтерлар корпусының жастары, «Мейірбике» және «Меридиан» медициналық колледжінің студенттері, сондай-ақ өз еркімен келген бірқатар азаматтар да бар.