Енді дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатқан ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Елде тіркелген дәрі-дәрмектердің шектеулі бағалары бекітілген. Дәрілік заттардың бағалары мен ақпаратты «Дәрі-kz» мобильді қосымшасынан білуге болады.
Дәрі-дәрмектердің бөлшек сатуымен айналысатын ұйымдар өнімді шектеулі бағадан асырмай сатуы тиіс. Егер бекітілген ережені сақтамай, дәрі бағасын заңсыз көтергені ұйым анықталса, облыс әкімдігі жанында құрылған Call-орталығының 30-11-77 номеріне хабарласуға болады.
Департамент мамандары заңға сәйкес дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағаларын телефон арқылы бақылап отырады. Әсіресе рецепт арқылы босатылатын дәрілер қатаң қадағалайды.
Айта кетейік, 30 маусым күні Маңғыстау облысы әкімшілігі, Маңғыстау облысы провизорлар мен фармацевтер қауымдастығы және «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» дәрілік заттарға қажеттіліктің артуына байланысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Сонымен қатар департамент мамандары бір адамға берілетін дәрі-дәрмектердің көлемін шектеу мақсатында дәріханаларға хабарласып, ескерту жасады. Дәрі-дәрмек тапшылығын тұрақтандыру үшін дәрілік заттарды өлкеге бір реттік кіргізу келісімі жүргізілді.