Түпқараған ауданында карантин режимі жеңілдетілген соң 25 маусым күні алғашқы адам тіркелді. Ал қазіргі таңда ауданда індет жұқтырғандар саны 25-ке жетті. Оның 13-і тасымалдаушы (бессимптомный). Емделіп шыққаны – 7, қалғаны - 4. Обсервациялық станционарда науқас жоқ, үй карантинінде – 77 адам, провизорлық госпитальде – 5 адам, КВИ - 1 адам бар.
Түпқараған ауданының әкімі А.Қосуақовтың айтуынша, бүгінгі таңда жағдай әлі тұрақсыз. Сол себепті аудан тұрғындарына өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулықтарын сақтау үшін, отбасылық шараларды уақытша тоқтата тұруды, қайғылы жағдайларда да карантин ережелерін қатаң сақтай отырып, адамдардың көп шоғырланбағанын бақылауда ұстау керектігін, яғни қарапайым сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертемін.
1. Бетперде (масканы) тұрақты пайдалану;
2. Көпшілік жерлерге бармауды;
3. Әлеуметтік ара-қашықтықты, яғни 1,5 м ұстау;
4. Қолға дизенфекция құралдарын пайдалану, қолды жиі сабынмен жуу;
5. Жасы үлкен адамдар мен жас балаларды үйден шығармау, шектеу шараларын қатаң ұстауды қаперлеріңізге береміз.
Төтенше жағдай кезеңінде ауданда тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан еріктілері мен тігін цехтары арқылы 45 646 маска тігілді.
«Оның 20 073-і егде жастағы тұрғындар мен мұқтаж азаматтарға, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға т.с.с осал топтарға тегін таратылды. 23 473 дәріхана арқылы төменгі бағамен сатылды. Тігін цехтары арқылы 2 100 маска өндірістік мекемелерге тігілді. Қазіргі таңда аудан бойынша барлық дәріханада бетперде жеткілікті, сондықтан маскалық режимді міндетті түрде сақтауларыңызды сұраймын», - деді аудан әкімі.