Жаңаөзен қаласының, Қарақия ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес, қалыптасқан эпиджағдайды ескере отырып, (Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарымен, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылдарының қоса алғанда) 2020 жылдың 25 маусымы күні сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 13 шілдесі күні сағат 07.00-ге дейін карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы мен Ақтау арасындағы жолға блок бекеттер қойылады.