ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Құрметті Қазақстан полициясының қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздер қылмысқа қарсы күресте, құқықтық тәртіп пен еліміздің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндет атқарасыздар. Полициядағы қызмет — кез келген қоғам үшін аса қажет, іске адалдық пен қайсарлықты талап ететін қауіпті, жауапты жұмыс.
Осы күрделі кезеңде сіздер коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде еңбек етіп, кәсіби міндеттеріңізді күшейтілген режимде орындап жүрсіздер.
Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақстан полициясының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс және игілік тілеймін».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин