Жақында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев аудан әкімі Айбек Қосуақовпен кездесті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Бұл полиция басшысының Түпқараған ауданына барған ресми сапары кезінде болды.
Бактыбаев Ж. аудан әкімімен бірге Түпқараған ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Айдаров жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Сонымен қатар, аудан әкімі А.Қосуақов Қазақстан полициясы күнін мерекелеу қарсаңында полицейлерді құттықтап, генерал-майор Ж. Бақтыбаевтың ұсынысы бойынша екі полицейге пәтер кілтін табыстады, сондай-ақ учаскелік инспекторларға қызметтік пайдалануға арналған планшеттер берді. Өз кезегінде планшеттер ІІМ базаларына қосылған және адам тұлғасын анықтауға мүмкіндік береді.
Екі бөлмелі пәтердің кілтін әкімшілік тәжірибе тобының инспекторы полиция аға лейтенанты М. Мұстафаев пен кезекші көмекшісі полиция сержанты Б. Раухан алды.
«Елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезінде тұрғындардың амандығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда блок-бекеттерде полиция қызметкерлері тәуекелге бел буып, төзімділікпен үлкен қызмет атқарып келеді. Өз уақытымен санаспай, күндіз-түні отбасынан жырақта жүріп, Отан алдындағы борышын жауапкершілікпен атқарған полиция қызметкерлеріне қиын кезеңде рухани және материалдық тұрғыдан қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге шексіз алғысымды білдіремін! Отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеймін!», — деп өз кезегінде Ж.Бақтыбаев аудан әкіміне өз ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ, пәтерге ие болған полиция қызметкерлерінің отбасылары да өз алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, Баутино ауылының әкімі Дәулет Меңдіханов азаматтарды қабылдау үшін тірек пункті ретінде учаскелік инспекторлар үшін әкімдік ғимаратынан кабинет бөлді.
Енді адамдар үшін әлдеқайда ыңғайлы, себебі ауыл тұрғындары аудан орталығында орналасқан полиция бөліміне бармай-ақ, осындағы учаскелік инспекторға жүгіне алады. Өйткені әрбір учаскелік полиция инспекторының міндеті — халыққа жақын болып, бірінші болып азаматтарға көмек беру.