Бас мүфти Наурызбай қажы Мұнайлы аудандық «Жанұя» орталығына барды. Ол орталықтың алдағы уақытта атқаратын жоспарымен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Орталықтың негізгі мақсаты - көпбалалы аналармен бірге жұмыс істеу, отбасы құндылығының артуына ықпал ету, олардың мұң-мұқтажына құлақ асып, қолдау білдіру.
«Жанұя» орталығы психолог маманымен, әлеуметтік қамту орталығының, құқық саласының мамандары, сонымен қатар дін саласының қызметкерлерімен бірге жұмыла жұмыс істейді. Енді өңірдегі көпбалалы аналар осы орталық арқылы түрлі сауалдарына жауап алып, мамандардан кеңес ала алады.
Айта кетейік, мұндай көпбалалы аналарға арналған орталық аймақта бірінші рет өз жұмыс бастап жатыр. Алдағы уақытта өзге аудандардан да ашуды жоспарлап отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет автордан