Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері екі жасар қызды құлыптаулы қалған пәтерден алып шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға 14 мамыр күні сағат 18:18-де болған.
«16 шағынаудан 43 үйден адам құтқару жұмыстарына шақырту түскен болатын. Мамандар шақырылған жерге жеткеннен кейін автосатыны 6-қабаттың терезесіне орнатты. Өрт сөндірушілер терезе арқылы пәтерге кіріп, есікті ашты. Пәтерде жалғыз қалған 2 жасар қызды ата-анасының қолына тапсырды», - делінген Маңғыстау төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.