Бүгін Жаңаөзен қаласының көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлімшесінен 4 адам емделіп шықты.
Олардың үшеуі Қызылсай ауылының 1953 жылы туған, 1959 жылы туған, 1985 жылы туған, ал, біреуі Теңге ауылының 1977 жылы туған азаматтары. Төрт адам бұған дейін COVID-19 ауруының белгілерімен 01.05.2020ж. ауруханаға түскен болатын. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастар барлық ем шараларын алды. 13-15.05.2020ж. аталған азаматтардан талдау нәтижелері алынып, вирустың жоқтығы белгілі болды, делінген ҚКО таратқан ақпаратта.
Дәрігерлердің мәліметі бойынша 4 адамның жағдайлары жақсы.