Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті ҚР-ның «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында белгіленген құзыреттерге сәйкес 28 аудиторлық іс-шара жүргізді. Аудиторлық іс-шаралар барысында жалпы сомасы 5 536 132,17 мың теңге бюджет қаражаты және мемлекет активтері қамтылды.
Жалпы сомасы 3 110 543,61 мың теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1 469 819,98 мың теңгесі қаржылық сипаттағы және 1 640 723,63 мың теңгесі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында жіберілген рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Қаржылық сипаттағы бұзушылықтардың ішінен 1 020 118,88 мың теңге бюджетке өндірілуге және 449 701,1 мың теңгесі тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және бухгалтерлік есепте қалпына келтіруге жатады.
Есепті кезеңде облыстың құқық қорғау органдарына тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған аудит материалдарының, жалпы сомасы 1 235 159,8 мың теңгеге жіберілген бұзушылықтар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.
2020 жылдың І тоқсаны бойынша Департаментпен жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып және 69 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2 865,7 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке өндірілді.
Департаменттің 2020 жылдың І тоқсанында жүргізген камералдық бақылау нәтижесімен 28 935 мемлекеттік сатып алуы бойынша 198 878 000,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қамтылған. Оның ішінде жалпы сомасы 8 052 566,6 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алулар бойынша 204 анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламалар жіберіліп, заң бұзушылықтардың алдын алды.
Алибеков Д.С.,
Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы