Біз біргеміз: Маңғыстау облысында меценаттар қорға 7,5 млн теңге аударды. Түпқараған ауданында 50-ден астам аз қамтылған отбасына азық-түлік, тұрмыстық химия мен электронды құралдар сыйға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Біз біргеміз» акциясына атсалысқан жергілікті меценаттар қоғамдық қорға 7,5 млн теңгедей қаржы аударған. Бұл ақшаға көп балалы және мүгедек бағып отырған жанұяларға аса қажет тауарлар сатып алынуда. Ауданның ерікті жастары тізім бойынша үйлерді аралап, есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмектерді тегін таратып жүр.