Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ерлік даңқы – мәңгілік» шығармашылық байқауына қатысуға шақырады.
Мақсаты – жастар арасында қайсар қарияларымыздың сұрапыл соғыс пен тыл майданындағы өшпес ерлігі мен өлшеусіз даңқын, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратын насихаттау
Байқау шарттары:
1) Байқауға 14 – 35 жас аралығындағы Маңғыстау облысының тұрғындары қатыса алады;
2) Пост жазуда жанрлық шектеу қойылмайды. Әңгіме, эссе, өлең-жыр түрінде болуы да мүмкін.
3) Пост (өлең-жыр, эссе, әңгіме) мазмұнында Жеңістің 75 жылдығы, майдангерлеріміздің батырлығы, бейбітшілік пен тұрақтылық маңыздылығы баяндалуы керек.
4) Автор постты (өлең-жыр, эссе, әңгіме) Facebook немесе Instagram жеке парақшасында @mangystau_zhastary парақшасы мен #МаңғыстауЖастарыЖырлайды және #ЕрлікДаңқыМәңгілік хэштегін белгілеп орналастыруы керек.
5) Парақшасына жариялағаннан кейін mangystau_resurs@mail.ru пошта жәшігіне шығарманы жіберуі қажет.
Байқауды өткізу тәртібі:
1) 28 сәуір мен 7 мамыр аралығы - байқауға қатысу үшін жұмыстарды қабылдау;
2) 9 мамыр - ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлерінен құрылған тәуелсіз комиссия байқау жеңімпаздарын анықтайды;
3) Жеңімпаздарды марапаттау 9 мамыр күні Instagram әлеуметтік желісінде @mangystau_zhastary парақшасында өтеді.
Байқау марапаты:
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының естелік сыйлығы және демеуші ұсынған қаржылай сыйлық:
І орын – 50.000 теңге
ІІ орын – 30.000 теңге
ІІІ орын – 20.000 теңге
Айта кету керек, ұйымдастырушылар конкурсқа қатысушылардың материалдарын жариялау құқығын өзіне қалдырады.