Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығыгыда өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлімдеді.
Жылыжайда өсірілетін көкөніс дақылдарының көлемін 27 гектардан 34 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып жатыр. Ақтаудан 1 гектар, Жаңаөзеннен 1 гектар, Қарақия ауданынан 1 гектар, Маңғыстау ауданынан 0,5 гектар, Мұнайлы ауданынан 1,3 гектар, Түпқараған ауданынан 2 гектар және Бейнеу ауданынан 0,2 гектар жер бөлінеді.