Маңғыстау облысында құны 122 млн теңгеге 61 агроөнеркәсіп субъектісі қолдау тапты. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.
Өңірде ауылшаруашылығы саласында су тапшылығы мәселесі жоқ емес. Дегенмен осы салада нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көп көмек берілуде. Жалпы облыс бойынша инвестициялық жобаларға 437 млн. теңге бөлінген. Қосымша 650 млн теңгеге сұраныс жолданды.
«Бүгінде 61 агроөнеркәсіп субектісі мемлекет тарапынан қолдау тапты. Оның ішінде 33 құдық қазылды. Бұл құдықтарға қаражаттың 50 пайызы республикадан бөлінсе, 30 пайызын жергілікті бюджет қамтамасыз етеді», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.
Осыған дейін қойылған талап бойынша қазылатын құдық 100 метрден төмен болмау керек болса, қазіргі таңда 375 метрге дейін тереңдетуге болады.