Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлауынша «E-SalyqBusiness» мобильді қосымшасында бірқатар салық рәсімі жеңілдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Енді салық төлеушілер:
1) Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
2) Кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
3) Қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
4) Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде, есептеуге;
5) Жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
6) Оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 СЕН);
7) Кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтата алады.
Салық төлеушілер App Store, Play Market және App Gallery-ден «Е-salyq Business» қосымшасын жүктеп, смартфон арқылы есепті жүргізе алады.
e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы азаматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын (мүлік, жер және көлік) білуге мүмкіндік береді, сонымен бірге салық берешегін білуге, өздігінен калькуляторды пайдалана отырып көлік салығын есептеуге, БЖТ-ді төлеуге, декларацияны тапсыруға болады.
«Е-salyq Azamat» қосымшасын жүктеп, көлік, мүлік және жер салықтары бойынша ақпарат білуге де болады.
Чат- бот @SalyqBot салық кеңесшісі арқылы салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға тез арада жауап алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты алуға, көлік құралына салығын есептеуге, сұрақтар қоюға, өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейнесабақтармен, нұсқаулықтармен танысуға мүмкіндігі бар.
@SalyqBot сілтемесі бойынша Чат- бот Telegram-да тіркелуге болады.
@SalyqBot телеграмм чат-бот арқылы қарыз соммасып біліп, салық бойынша сұраққа жауап алуға болады.