Қарт Каспийдің асау толқыны, тамыры тереңге тартатын Маңғыстаудың ежелгі тарихымен астасқан көркем табиғаты жылдан жылға қонақтарды көбірек тартуда. Облыс орталығы Ақтауда жыл сайын түрлі фестивальдар мен ауқымды шаралар өткізіліп, қала аймақтың рухани орталығына айналды. Уақыт алғажылжыған сайын біздің өлкеге отандастарымызбен қатар шетелдік қонақтар да көптеп келе бастады. Мәселен, 2022 жылы Rixos Aktau отелінің аумағында өткізілген өткізілген тек «BalQaimaq food» фестиваліне 10 мыңнан астам адам қатысты. Міне, осының барлығы, Ақтауды ішкі және сыртқы туризмді дамытатын орталықтардың біріне айналдырды. Ал тамыз айында Ақтауда өтетін шахмат тарихындағы мектеп командалары арасындағы алғашқы әлем чемпионаты қаланың дамуына тың серпін бермек. Міне, осындай игі шаралар өлкеге келетін қонақтары қатарының көбейтіп, бізге туған жеріміздің бірегей табиғатымен қатар мәдени-рухани мұрамызды бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік береді.
Маңғыстау жері аңызға толы өлке. Бұл аймақ туралы сөз қозғалғанда, «Жеті жұрт келді – жеті ел кетті», дейді халық даналығы. Міне, солардың барлығы өзінің мәдени мұрасының жұрнағын қалдырып кеткен. Маңғыстаулықтар сол ежелгі мұраны әлі күнге дейін көзінің қарашығындай сақтап келеді.
Өлкенің атауын "Мың қыстау" деп те атайды. Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам бар. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі, көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі, "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді.
Ақтауда теңіз жағалауындағы амфитеатр маңында құрылыс жұмыстары басталғанын көпшілік байқаған болар. Бізге белгілі болғандай, бұл жерде адамдарға өмір нәрін сыйлайтын құдық қазушы азаматтар – құдықшыларға арналған ескерткіш бой көтермек. Ол біздің даңқты жерлесіміз, қазақстандық белгілі мүсінші Болатбек Салаевтың туындысы. Қазақстандық Микеланджело атанған автордың еңбектері бүгінде Қазақстанның көптеген қалаларына көрік беріп тұр. Олардың ішіндегі неғұрлым танымалдары «Қаратай батыр» Өскеменде, «Қадыр Мырза Әли» Оралда, «Фемида» Қостанайда, «Анаға тағзым» Таразда орнатылған. Оның «Тайқазан» атты еңбегі Татарстанда орын тепті. Болатбектің бірнеше туындысы елордамыз – Астанаға да көрік беріп тұр. Құдықшы мүсіні шебердің туған жеріне көрік беретін тағы бір туындыға айналмақ.
Дегенмен Болатбек неге құдықшы мүсінін сомдауға ден қойды? Мүмкін, ол тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге ниет танытқан болар. Ақтауда сарбаздарға, ғалымдар мен ақындарға арналған ескерткіштер жеткілікті. Мәселен, біздің Қашаған Құржыманұлына арналған ескерткіштің қасында осы өлкеде айдауда болған украин ақыны Тарас Шевченконың мүсіні бой көтерген.
Алайда табиғаты қаншалықты қатал болса, соншалықты әсем Ақтау өңірінде адамдар өмір сүруі үшін өте қажет тіршілік нәрін сыйлайтын азаматтарға арналған ескерткіш әлі күнге дейін бой көтерген емес. Атап айтарлығы, ол Маңғыстау үшін мұнай емес, су. Өйткені бұл өлкеде бұлақ деген атымен жоқ. Сондықтан жер қойнауынан су шығару – адамдарға өмір сыйлау.
Қатал ауа райына қарамастан, адамдар Маңғыстауды ежелден мекендейді. Оны 1,5 миллион - 160 мың жыл бұрын орын алған палеолит дәуірінің ашель мәдениетіне жататын Шахбағата и Шақпақ-ата тұрақтары дәлелдейді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, оған сол кезде осы аймақта орын алған қолайлы ауа райы себеп болған көрінеді.
Одан бері көп дүние өзгерді. Ежелгі мақалда айтылғандай, «Жеті жұрт келді – жеті ел кетті», өмір де өзгерді. Уақытпен бірге адамдар ғана емес, ауа райы да алмасты. Осы өлкені мекендеген халықтың мінез-құлқын, жігерін шыңдаған табиғат та неғұрлым қатал бола түсті. Сондықтан біз көктемді алғашқы болып, Көрісу мерекесімен қарсы алып қана қоймаймыз, сонымен бірге, біздің елімізге, Қазақстанға көз алартқан жауларға да бірінші болып тойтарыс береміз. Оны өлкенің батырларын біріктіретін, Отпан тауда от жағатын ежелгі дәстүр дәлелдейді, қазіргі таңда ол игі салт елдің басын қосып, ынтымаққа шақыратын жаңа мазмұнға ие болды.
Өзінің тарихында Маңғыстау өлкесі өмірге деген ерекше құлшынысымен және рухани мазмұнымен ерекшеленеді. Содан да болар, бұл өлкені ислам ілімін әкелген 360 аруақтың мекені деп те атайды. Шөлден тартып алынған оазистер мен құдықтардың және сирек кездесетін бұлақтардың маңында әрқашан өмір қайнап жатты. Мұнда сопылар қоныс теуіп, жерасты мешіттері пайда болды. Бұл жерге Ұлы Жібек жолымен сапар шеккен керуендер де тоқтайтын-ды.
Сондықтан бұл өлкеде өмір үшін күресте елге тіршілік нәрі – су сыйлайтын құдықшылар ең мықты батыр саналатын. Міне, дәл солар адам өмірінің басты бақытына айналған суды қатал табиғаттан тартып алып, халыққа сыйлайтын, осы жолда олар өз өмірлерін де бәске тігетін-ді. Құдықшылар Үстірттің қатпар-қатпар тастарын қазып, табиғатпен күресте жеңіске жете білді. Сондықтан қазылған құдықтар оны қазған құдықшылардың атымен аталатын-ды. Бұл бір жағынан, құдықшының еңбегіне деген құрмет болса, екінші жағынан, олардың туындыларының бірегейлігінің көрінісі. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, археологтардың куәләндіруіне сәйкес, бұрын тек Үстүрт шоқысындағы құдықтардың саны 4000-ға жететін, ал ең тереңдері 70-80 метр болатын-ды. Мәселен, Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі Қыңыр құдығының тереңдігі 60 метрге жеткен. Өзіңіз ойлап қараңызшы, ежелде, қазіргідей заманауи техника болмаған кезде, осындай құдық қазудың қаншалықты қиын болғанын! Құдықшы еңбегі өте қауіпті болатын-ды. Кейде өздері қазған құдық олардың соңғы мекеніне айналатын: құдықтың қабырғалары құлап, құдықшыны тірідей жерлейтін-ді.
Құдықшы еңбегін қазақ әдебиетінің «алтын қорына» енген «Шыңырау» повесінде біздің даңқты жерлесіміз Әбіш Кекілбаев жанжақты көрсете білді. Оның туындысының кейіпкері құдықшы Еңсеп ең терең құдық қазбақ болады, бірақ мақстаныа жете алмаған ол жерасты өзенінің суына батып кетеді.
Біздің елімізге басып кірген жаулар ең алдымен, құдықтарды жарамсыз қылуға тырысатын-ды. Сөйтіп, құдықтарды көміп, малдың терілерімен бітейтін. Бірақ қаза болған сарбаздар мен батырларды жастар алмастырды, ал құдықшылар өз жұмысын жалғастырып, елге тіршілік нәрін сыйлай берді. Елге өмір сыйлаған құдықшылар халықтың жадында қалды. Оны тағы бір құдықтың – Дауысты Дүкен құдығының оқиғасы дәлелдейді. Аңызда Дүкен есімді жылқышы Үстүртте жылқы бағып жүреді. Бірде ол демалуға жантаяды, сол кезде жер астынан шыққан шуды естиді. Жалмажан жерді қаза бастаған ол топырақ пен мал терілірінің астынан құдық табады. Сол кезден бастап, ол құдық Дүкен құдығы деген атқа ие болады.
Міне, елге тіршілік нәрін сыйлайтын осындай азаматтардың арқасында біз өмір көшіне ілесе білдік. Сөйтіп, табиғаты қатал аймақта қалалар мен өркениет орнаттық, өз ұлтымыз бен өлкемізді әлемге таныттық.
Біздің өлкеге келетін қонақтар қатарының көбеюі бізге туған жеріміздің бірегей табиғатын және мәдени-рухани мұрамызды бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік береді.
Енді құдықшы композициясының арқасында қаланың туристік танымал жерінде қоламен сомдалған мүсін бүкіл әлемге танымал болады. Біз, көп ретте, олардың өмір тарихынан бейхабармыз, бірақ олардың есімін білеміз, өйткені олардың аты өздері қазған, өмірдің бастауына айналған құдықтарда қалды.
Бұл көп ретте, осы композицияны орнатуды қаржыландырған Freedom компаниялар тобының арқасында мүмкін болды. Ескерткіш қаланы көріктендіріп қана қоймай, сонымен қатар, баяғыдан бері мәдени кодымызға айналған мұрамызды танымал ете түседі. Аталмыш компания көтерген бастама басқа да меценаттарға жұғысты болып, соның арқасында, ауа райы қатал болғанымен пейілі кең аймақтың әсем де бірегей табиғаты бүкіл әлемді тамсандырады деп сенеміз