• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Дәрігер: «Баланы бесікке бөлегеннен жамбас қуысы дамымай қалуы мүмкін»

[ 2019 ] 17 ақпан, 11:28  |  Сұхбат

Бала - елдің болашағы, ана - отбасының ұйытқысы. Сондықтан ана мен баланың денсаулығы, қауіпсіздігі қашан да өзектілігін жоймаған мәселе. Болашақ ана жүкті кезінде және босанған соң нені ескеру қажет? Өзінің және сәбидің денсаулығын қалай күтуі керек? Оларға отбасы тарапынан көрсетілетін қолдау мен күтім қандай? Осы төңіректе Ақтау қалалық перинаталдық орталығының директоры Ғалия Махимовамен әңгімелескен едік. Маман бұл тақырыпқа қатысты жайттарды жан-жақты, егжей-тегжейлі айтып өтті.

- Ақтау қалалық перинаталдық орталығы көмегіне кімдер жүгіне алады? Тек қала тұрғындары ғана келіп емделе ала ма?

- Біздің перинаталдық орталық – екінші дәрежелі көмек көрсететін босандыру мекемесі. Босандыру мекемелері 4 дәрежеге бөлінеді: 1-дәрежелі – аудандардың, 2-дәрежелі Ақтау және Жаңаөзен қалалық перзентханалары, ал облыстық орталық үшінші дәрежелі көмек көрсетеді. Соңғы 4-дәрежелі көмек көрсететін босану орындары – республикалық орталықтар. Диагноз, босану мерзімі және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша перзентханалар осылай бөлінеді. Біздің мекеме жүктілік мерзімі 34 аптадан асқан және босану мерзімі жеткен әйелдерді қабылдайды. Дегенмен 32 аптадан бастап қабылдауға да мүмкіндігіміз жеткілікті. Дей тұрғанмен, қалалық перинаталды орталыққа асқынған преэклампсияны қабылдауға рұқсат етілмейді. Яғни қан қысымы жоғары, бас ауруына шағымданатын, зәрінде ақуыз жоғары ауыр жүктілікті – асқынған преэклампсия деп атайды. Бірақ кейде қатты қиналып келген, босанатын уақыты тым жақындап қалған, жолды көтере алмайтын әйелдерді басқа перинаталдық орталыққа аудармаймыз, ол – өте қауіпті.

Науқастардың мекен-жайына шектеу қойылмайды, тек қана диагнозына, босану мерзіміне және есепте бар-жоғына қараймыз. Бізге тіпті басқа шет елдерден келіп те босануға болады.

- Сіздің басқаратын орталықта жыл басынан бері қанша бала дүниеге келді?

- Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша 4051 бала дүние есігін ашты. Кесір тілігімен босанатындардың үлесі 19-20% болып тұр. Оны төмендетуге болар еді, дегенмен ол үлкен тәуекелді талап етеді. Яғни нәрестеге зиян келуі немесе тіпті баланың өліміне әкелуі де мүмкін.

- Осы 4051 босану кезінде ана мен бала өлімі тіркелді ме?

- Ана өлімі тіркелген жоқ. Ал бала өлiмi бойынша бiздiң мекеменің 8 айдағы көрсеткіші – 2,64‰. Олардың себептері құрсақішілік инфекция және ұрықтың құрсақішілік тежелуі.

- Кесер тілігі қандай жағдайларда жасалады?

- Әртүрлі жағдайлар кездеседі. Әрине, бұрын кесер тілігі жасалған, жатыр тыртығы бар әйелдерге ұсынамыз. Бірақ өз күшімен босануға ниет білдіретіндері де бар. Олардың шамамен 30 пайызы өзі босана алады. Екіншіден, қазір өте ірі ұрық көп кездеседі. Әйелдер емхана дәрігерлері ұсынғаннан бөлек дәрі-дәрумендерді көп ішеді. Ол баланың шамадан тыс өсуіне әсер етеді. Қазір салмағы 4 келі 600-800 грамм шамасында туылған нәрестелер көп болып тұр. Оларды босандыру қиын, босану барысында балаға зақым келуі ықтимал.

- Сіздің орталықта дүниеге сәби әкелген ең жас ана мен ең егде ананың жасы қаншада?

- Ең жасы – 16 да. Ең үлкені – 48 жаста.

- Ерте босану мен егде тартқан әйелдің дүниеге сәби әкелуінің денсаулыққа әсері қандай?

- 16 жасар баланың ағзасы босануға әлі дайын емес. Өзі енді ғана өсіп жатқан ағза. Осындай жас босанушылар ауырсынуды көтере алмайды, қан қысымы жоғарылап, босану барысы асқынуы мүмкін. Бұл біздің орталықта босанған жас аналарда кездесті. Жүктіліктің күні жетсе де, сәбидің салмағы аз болып туылады. Ананың қан қысымы көтеріліп, дәрі-дәрмекке бой бермеді, сондықтан кесер тілігімен босандырдық. Ал адам үлкейгесін түрлі ауру пайда болады. Ересек аналарда жүрек аурулары, асқазан және де басқа органдарында аурушаңдық көбірек кездеседі. Осындай аурушаңдықтар жүктілікті асқындырып, түрліше әсер етеді. Дегенмен біз 48 жастағы ананы аман-есен босандырдық.

- Көбінде әйелдер бала көтергеннен кейін дәрігерге жүгінеді. Ал олар аяғы ауыр болмай тұрып қалай күтінуі керек?

- Қыз баланың денсаулығын ата-анасы бақылап, күтуі керек. Қандай да бір ауру анықталса, дер кезінде емдетулері қажет. Қажетті жағдайларда оталарын да жасату керек. Босанатын кезге келгенде денсаулығы толықтай тексерістен өтуі тиіс. Мысалы, 2009 жылы Литва мемлекетіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қауіпсіз босану» бағдарламасымен оқуға барып келдім. Сонда біз профессорларға «Жүрегі ауыратын жүкті әйелдерді қалай босандырасыз?» деген сұрақ қойдық. Сонда оларда жүрегі ауыратын аналардың мүлде жоқтығын айтты. Дүниеге келген бойда барлық балаларды арнайы тексерістен өткізіп, ауру табылса, оны емдеп, сол бойда ота жасап, сауықтырып алатындарын жеткізді. Жүктілік асқынбай, аман-есен босану үшін әу бастан күтіну әбден қажет.

Қазір аналардың денсаулығы жаман емес. Екінші дәрежелі орталық болғандықтан, бізге түскен әйелдердің барлығы дерлік есепте тұрғандар, ауруы анықталған және дер кезінде кеңес алғандар. Сол себепті бізде көбіне дені сау, жүктілікті көтере алатын аналар босанады.

- Әкенің денсаулығының бала денсаулығына әсері қандай?

- Көп жағдайда баланың денсаулығы анасына байланысты. Әкесінде жұқпалы аурулары және зиянды дағдылары болмаса қатты әсер ете қоймайды.

- Жүктілік кезінде және босанған соң әйел өзін қалай күтуі керек?

- Әйелдер кеңесіне міндетті түрде есепке тұруы қажет. Қазір жүктілік, босану барысы, ота да хаттама арқылы жүргізіледі. Хаттамадан тыс жағдайлар кездескенде олар перзентханаға консилиумге жіберіледі. Жүкті әйелдер өздігімен келіп осы жерден кеңес ала алады. Қазіргі хаттама бойынша көп дәрі-дәрмек ішудің қажеттігі шамалы. Йод жетіспесе, қан аздық болса, арнайы дәрілерді ішуге және ана мен бала арасында байланыс жақсы болу үшін 13 аптадан бастап қан сұйылтатын дәрілерді ішуге болады.

Ал босанғаннан кейін ең бастысы – баланың толыққанды омырау сүтін емуі. Ол үшін отбасы мүшелері жас анаға жақсы жағдай жасауы қажет. Жас босанған ананың шаршамауы, көңілді жүруі, дұрыс тамақтануы маңызды. Сонда емізу режимі дұрысталады, сүті жеткілікті болады. Ана сүтінде баланың иммунитетін көтерін иммуноглобин бар, сол себепті емшек емген балалар жасанды сүтпен қоректендірілетін балаларға қарағанда әлдеқайда аз ауырады. Сондықтан қырқынан шыққанша баланы қарны ашқан сайын емізіп отыру керек.

- 30-40 жастан кейін жүкті болған әйелдерді генетиктің тексерісінен өтуге жібереді. Мұның мәні неде? Оларға тексерілу кезінде «бала сау болып туылмайды» деген себеппен алдырып тастауды ұсынған жағдайларды да естіп жатамыз. Бұл қаншалықты дұрыс? Олар қанша пайызға дұрыс айта алады?

- Мен бұл жөнінде ештеңе айта алмаймын. Біздің перзентханада ондай ақауы бар аналар босанбайды. Уақытынан бұрын алдыру жөнінде лицензиямыз жоқ, біз ондай қызмет көрсетпейміз. Оны үшінші деңгейлі облыстық перинаталдық орталық жасайды. Бірақ жалпы есепке тұрған ананың барлығы алдымен скринингтен өтеді. Жүктіліктің 10-12 аптасына дейін ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, биохимиялық қан тапсырады. Қан құрамында хромосомалық аурулар кездесетін болса, соның деңгейін ғана көрсетеді. Нақты баланың денсаулығындағы ақауды айта алмайды. Ультрадыбыстық тексеруде бәрі дұрыс болып, бірақ хромосомалық аурулар анықталса, Алматы қаласына толық тексерілуге жіберіледі.

- Ата-аналардың медициналық сауаттылығына тоқталайықшы. Олар нені білуі керек?

- Біріншіден, жүкті болғаннан кейін дәрігерге қаралу, 12 аптаға дейін тіркеуге тұру, берілген кеңестерді орындау қажет. Әйелдің жолдасы, яғни баланың әкесі де жүктілік, босану барысына қатысқаны дұрыс. Кесер тілігі жасалатын болса, міндетті түрде әкесінің қатысу керектігін ескертеміз. Себебі бала жарық дүниеге келген соң өз әке-шешісінің, үйінің инфекциясын (тері жамылғысы) қабылдауы керек. Егер біз баланы дүниеге келген бойда үстелге қойсақ, ол перзентхананың инфекциясын қабылдайды. Сондықтан ота жасаған жағдайда баланы әкесінің кеудесіне саламыз. Басқа туыстары емес, міндетті түрде баланың ата-анасы болуы шарт. Әкесі келе алмаған жағдайда амал жоқ анасының жанына береміз.

- Жаңа туылған сәби денесінің сарғайғаны байқалып жатады. Ол неден пайда болады? Емдік шаралары қандай?

- Нәрестеде физиологиялық сарғыштық болады. Ол 3-4 күннен кейін өзі кетеді. Оның емі – емізу. Емізген сайын сәби дәрет сындырады, сөйтіп ағзасындағы билирубин шығады. Сарғыш болған жағдайда қанын тексереміз, билирубині жоғары болса, сәби ультракүлгін сәулелі шамның астына жатқызылып, бақылауда болады. Қазір сарғыштық көп деп айта алмаймын. Бауыр өт шығаратын орган, ол толық жетілмегендіктен сарғыштық пайда болады. Кейде омырау сүтін еметін баланың да іші кеуіп, ауырады. Ол ішектегі сүт қорытатын ферменттердің әлі дамымағанына байланысты. Бірақ уақыт өте келе бәрі орнына келеді.

- Алғаш рет босанған аналарда омыраудың ісінуі, ұшының кішкентай болуы, сүт қату жағдайлары жиі кездеседі. Бала жасанды тамақтануға ауысып кетіп жатады дегендей. Осыған байланысты омырау күтіміне де тоқталып өтсеңіз.

- Иә, ондай жағдайлар кездеседі. Бірақ қазір сүтім аз дейтін аналар жоқтың қасы. Босанған адамның ағзасында гормондар бөлініп, сүт міндетті түрде болады. Қазір арнайы силиконды шүмек деген бар. Сонымен үйретіп, перзентханадан емізе алатындай етіп шығарамыз. Үйге шыққанан кейін отбасы мүшелері көмектесуі қажет. Жас ана түнімен ұйықтамай, шаршаған жағдайда күндіз ұйқысын қандыруына мүмкіндік беру керек. Сүт деген тамақтан, судан пайда болмайды. Жаңа босанған әйелдің жүйке жүйесі тыныш, ренжімей, шаршамай жүрсе ғана сүт бөлінеді. Ал омырауға сүт қатуға қалдық сүттер әсер етеді, сондықтан оны сауып, азайтып отырған жөн.

- Омырау сауатын аппараттың денсаулыққа зияны жоқ па?

- Жоқ, ешқандай кері әсері жоқ. Дұрыс қолданса, өте жақсы көмектеседі.

- Қазір дәрігерлердің баланы бесікке бөлеуге, омырауын сығуға тыйым салатынын байқап жүрміз. Бұл неліктен?

- Бұл сұрақ педиатрларға қатысты. Дегенмен айта кетейін, нәресте дүниеге келген соң бір айға дейін сүт бездері ісініп тұрады. Ол анасынан берілген гормондар, бір айда қалпына келеді. Сондықтан оған тиіспеу керек. Оны сыққан жағдайда инфекция еніп, іріңдеп кетуі мүмкін.

- Бірақ бұрын солай жасады ғой...

- Иә, бұрын солай еді. Қазір өзгерді. «Бесікке бөлеме» деуі де дұрыс. Себебі біріншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «баланың аяқ-қолын байлап қою - оның құқығын бұзу» деп түсіндіреді, сол себепті бізге рұқсат етпейді. «Ол кішкентай, ойын айта алмайды, оны байлап, құқығын бұзып тұрсыз» дейді. Екіншіден, баланың аяғын байлаудың салдарынан жамбас қуысы дамымай қалу қаупі бар, оны жамбас дисплазиясы деп атайды. Қазір бұрынғыдай құндақтамаймыз, туылған бойда киім кигізіп, бос қоямыз. Сәбиді бос ұстасақ, өздігінен қозғалып, дамуы қалыпты болады. Ал бесікке байлап қойсақ, жамбас сүйегінің басы мен қуысы дұрыс дамымай, ұршығы шығып кетеді. Болашақта аяқ басып жүруі қиын болады. Иә, бала қозғалмай жатсын, тыныш ұйықтасын деп бесікке бөлейді ғой. Бірақ медицина оны қолдамайды.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

2059
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тегін дәрі кімге тиесілі?

Келесі жаңалық

Шайырлық шебер: "Халықтың ықыласынан шабыт аламын"

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      МәдениетБайқауДенсаулықҚұқықЖаңалықтарӘлем жаңалықтарыХабарландыруСараптамаЭкономикаАшық қоғам

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

    [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
    1774

    Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

    [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
    1700

    Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

    [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
    2140

    Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

    [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
    1953

    Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

    [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
    2472

    Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

    [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
    2002

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»