2017 жылы Маңғыстауда елеулі оқиғалар аз болған жоқ. Біздің сайтымыз ірі оқиғаларды сарапқа салып, өзекті мәселелерді жете қозғауға тырысты. Биыл сайтымызды ең көп талқыға түскен мақалалар легі төмендегідей:
Сұхбатта «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ-нің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Дүйсебек кезек күттірмейтін бірнеше мәселені атаған болатын:
Біріншіден, аудан, қалаларда, әсіресе Ақтау қаласы мен Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарында мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер жетіспейді.
Екіншіден, аудандар арасында халқы бір жерге шоғырланған, адам саны ең көп Мұнайлы ауданында арнайы тамақ базарын ашу керек.
Сонымен, сұхбатта көрсетілгендей, әр жеке сатып алушы базардан алатын етінің тексеруден өткендігі туралы анықтаманы талап етуге құқы бар.
Сонымен жаңа тәртіп бойынша «Адай Ата – Отпан тау» этно мәдени орталығында Амал мерекесін тойлау үшін Адай атаның сегіз арысынан бір-бірден өкіл белгіленіп, жұмысшы тобы алқасы құрылады.
Сөйтіп, былайғы жылдарда Адай Атаның сегіз немересінен тараған рулар (Сегіз арыс: Қосай, Тәзіке, Ақпан, Құнанорыс, Балықшы, Жеменей, Тобыш, Мұңал) Отпан таудағы Амал мерекесін өткізу үшін, әр ру ҮШ КИІЗ ҮЙ тігуге міндетті болады. Сонда Сегіз арыс – Адай Ата ұрпағы үш үштен 24 үйді тұрақты түрде тігіп отырады. Бұқара халыққа салмақ салынбайды. Қарашаңырақ алаңына қазақтың үш биі — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткішін салу керек деген тәртіп бекітілді, бір жақсысы бұл ескерткіштер қарашада толықтай орнатылып бітті. Амал мерекесін тойлаудағы басқа да өзгерістерді сілтемеден оқи аласыз.
Онда шын мәнінде Бекет атаның қайтыс болған жасы жөнінде біз білмейтін деректер кездеседі. Атаның қайтыс болған кезіндегі шынайы оқиға нақты факттермен көрсетіледі. Әлеуметтік желі қолданушыларын Бекет Ата 63 жас өмір сүрді деген пікірдің жаңсақ екендігі таңғалдырды. Тіпті, «Қазіргі заманда, біздердің Григорян есебінен 63 жасты, Пайғамбар жасы деп тойлап жүргеніміз — қате. Бір жыл сегіз айға кеш қалып тойлап жүрміз» делінеді мақалада.
Бекет Атаның нағашы жұрты жөнінде айтсақ, Бекет атамыз ана құрсағынан шыға сала әулие болмаған. Оған көріпкел, әулие пірлік, жасы қырықтан асқаннан кейін дарыған. Халық Бекет атаға сыйынып, мойындалғаннан кейін, атаның нағашы жұрты жөнінде әңгіме қозғала бастаған. Қырық жылдан кейін айтылған, тіпті, Бекет ата о дүниелік болып, тірлікпен қоштасқаннан кейін айтылған әңгімелер шындыққа сай келе бермейді. Осы сияқты тың деректер сілтемеде келтіріліп, оқырман Бекет Ата ғұмырнамасын өзгеше танығандай болды.
Ондағы пікірмен көпшілік келіссе, бұл кейбірінің құлағына түрпідей тиді. «Той – адамның қазынасы» деген сөздің де құты қаша бастаған сияқты. Бүгінгі тойлар мен кешегіні салыстыру мүмкін емес. Өйткені қазір той – қуаныш үшін емес, жан-жақтағы ағайын-туыс пен таныстарға берілетін «есеп» секілді өткізілуде» делінеді мақалада. Бұдан бөлек, мақалада Маңғыстау халқының той өткізу үшін басқа облыстардан көбірек шығындалатыны, тіпті Астана, Алматыдан тамада, әнші шақырудан бірінші орында тұрғаны да кеңірек айтылады.
"Қазалылық қазақ" деп таныстырған оқырманымыздың пікірі төмендегідей: «Қазіргі қоғам үшін, тіптен келешегіміз үшін де аса өзекті мәселе. Қалыңдықтың ата-анасы тойға бармайды дегенге риза боп отырмын маңғыстаулықтарға. Шынымен де ол той келін түсірген үйдің тойы емес пе?! Жалпы мәселе көп, өзімізден бастаған жөн-ау той өткізу тәртібін өзгертуді».
Ал Әбдірашит есімді оқырман: «Осы мəселенің оң шешімін қайдан табамыз, қалай жасаймыз? Қыз ұзату, келін түсіру тойларының сценарийіне конкурс жариялау керек шығар», - деген пікір жазады.
Дегенмен, кейбірі «Екі жастың бақыт тойы қалай жасалса да жарасымды. Енді қалғаны, тойымызға өзгеріс енгізу еді. Салт-дәстүрден аттаудың қажеті жоқ. Қуанышты шашылып тойлағанда тұрған не бар?» деген ойларын да жеткізді.
Ақтау қаласында 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық іріктеу жарысы өтті. «Каспий көкжалы» деп айдар таққан сайысқа өңіріміздің таңдаулы деген жас палуандары қатысты. Маңғыстау барысына 5 аудан, 2 қаладан 15 үміткер қатысқан. Сайыс нәтижесінде «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғапов өзінің «Каспий көкжалы» атағын қорғап қалды. Екінші сатыға Жаңабай Мейрамбек табан тіресе, үштікті Ғалымжан Шолтаев қорытындылады. Дегенмен, Қазақстан Барысынан Маңғыстау палуандары жүлделі орынды ала алмай келеді. Оқырмандар тарапынан сынға іліккен маңғыстаулық палуандар биыл да республикада төбесін көрсете алмады.
3 күн бойы теңізде жүріп аман қалған Абылайдың басынан өткен қызықты жайт оқырмандардың қызығушылығын туғызды. «Ораза айының бітуіне 2 күн қалғанда адам сенгісіз қызық жағдай болды. 3 күннен аса теңізде автокөлік балонымен жалғыз жүзген Абылай дін аман туыстарына оралды» делінеді мақалада.
— Бірнеше күн бойы теңіз жағасына жетсем екен деген арманмен жүзіп отырдым. Кеме мен тікұшақтарды көрген сайын айқайладым, бірақ ешкім естімеді. Төртінші күні кемені көрдім, орнынан қозғалып кетпесе екен деп тіледім. Бар күшіммен кемеге қарай жүздім. Қанша жүзгенім есімде жоқ, оларға жеттім. Иран суднасы бірден маған алғашқы көмек көрсетті. Құрғақ киімдер беріп, Қазақстан теңізшілеріне хабарласты. Ал теңізшілер мені 40 минут ішінде алып кетті, - депті Абылай. Оразада аман қалған Абылайдың тағдырына таңғалған оқырмандар таңданысын жасыра алмады. 24 жастағы Абылайды теңіз ағыспен әкеткен. Теңізде жүзгеніне 4-күн болғанда Иран суднасы баланы көріп, бірден Қазақстан теңізшілеріне хабарлаған.
Себебі Маңғыстаудан Солтүстік аймаққа отбасымен көшіп жатқан азаматтар некен-саяқ. «Неше жылдан бері баспанасыз, үш баласымен әркімнің үйін жалға алып жүрген Жұманазаровтар жанұясы бұдан былай бұл мәселеге бас қатырмаса да болады. Енді оларды Павлодар облысынан тұруға жайлы қоныс, қолайлы жұмыс, өзге де қолдаулар күтіп тұр» деген хабар айтылады материалда. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша қол жеткізді. Ерікті қоныс аудару жайлы естіген ерлі-зайыпты бірден әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласыпты. Ерікті қоныс аудару жайлы естіген ерлі-зайыпты бірден әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласыпты. Қажетті ақпаратты алып, құжат жинауға кіріседі. Көшіп баратын ауданы көңілінен шыққасын, буынып-түйініп, жолға шыққан отбасыға біреу сәттілік тілесе, екінші бірі қайтып елге оралатынын айтты. «Сіз Маңғыстаудан өзге қалаға көшер ме едіңіз?» деген сауалға оқырмандардың көпшілігі «Көппен көрген ұлы той. Маңғыстауды еш жерге айырбастай алмаймын» десе, енді бірі дұрыс баспана берсе, көшуге дайын екенін жазады.
Ақтауда құжатсыз жүрген Қарақалпақстан елінің азаматы күрт ауырып қайыршы халге түскен. Нұрпейісовтер отбасына күнде нан сұрап келетін Руслан кенет жоқ болып кетеді. Баласы қоқыстан тауып әкеп, үйінде паналатып, жеке емханаға көрсеткенімен, Русланның ғұмыры ұзаққа бармаған. Маңғыстауда заңсыз жүрген келімсектер тағдыры әлі де өршіп тұр. Тіпті, кейбір байсымақтар ойына келгенін істеп, құл қылып отырғанын да бейресми естіп жатамыз. Әсіресе, Өзбекстан елінен Маңғыстауды паналайтын азаматтардың көпшілігі құжатсыз. Марқұм Руслан Қазақстанға 2016 жылдың мамыр айында келген. Мақсаты – жұмыс істеп, қаражат табу болған. Дегенмен мұндағы уақытының жартысына жуығы науқастанумен өтіпті. Құжаттарын жоғалтып алғандықтан, емханаға бара алмаған. Отанына да қайту қияметке айналыпты. Мұндай басы ашылып отырған оқиға біреу ғана. Қаншамасы айтылмаған күйі кетті.
Айта кетсек, қыркүйектің алғашқы күндерінен бастап, Бостан (Қарақұдық) ауылында белгісіз зиянкес пайда болған. Олар үй жануарларына әлсін-әлсін шабуыл жасап, біршама құс пен малды жарақаттап өлтіріп жатқаны туралы суыт хабар лезде-ақ тарап кеткен. Ғаламтордағы желі қолданушыларынан: «Ойбай, Қарақұдықта қансорғыш құбыжық бар, ауылды қынадай қырып жатыр екен, бәлкім бұл чупакабра болар…» деген сияқты қаңқу сөздерді естісеңіз төбе құйқаңыз шымырлайды. Алып-қашпа сөздерді естіген жұрт алаңдап отырғаны да рас. Нақты дерек бойынша, сол уақытта 32 (отыз екі) бас қой-ешкі, 17 (он жеті) үй құсына зиян келген. Ауыл адамдары ертеңгі күні қой-ешкілердің де саны сиректесе, мектепте оқитын балаларымыз бен бақшаға баратын бүлдіршіндерімізге бас салса қайтеміз деп үрейленіп отыр.
Мақалада: «Қарақия ауданындағы Ащысор ойысын теңіз суына толтыратын болсақ, 300 км2 теңіз айлағы пайда болады. Сөйтіп Каспийдің аумағы үлкейіп, Ащысор шипажайға айналуы мүмкін. Теңізден алысырақ жатқаннан кейін Ащысордың суы жылы болады. Егер бұл жан-жақты зерттеліп, жоба экономикалық-геологиялық сараптамадан өтіп жатса, бұл аймақ шипажайға айналуы мүмкін», - деген пікір айтады Маңғыстау облыстық сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Найзабек Жайлау. Бұл жаңалықтан кейін «Фейсбук» әлеуметтік желісін қолданушылардың пікірлері сан-саққа бөлінді. Қолғанат Нұржаубайұлы Каспийдің суын жібергеннен теңіз суы тартылып кетуі мүмкіндігін айтты. Дәлел ретінде кезінде теңізден бөліп тастаған Қарабұғаз-Гол жерінің жағдайын еске салды.
«Теңіздің суын жібереміз деп Каспийден айырылып қалып жүрмейік. Жалпы құдайдың жаратқанына адамның араласпағаны жөн», — деп жазды ол. Айсағали Қыдыр есімді қолданушы:
«Курорт болу үшін жол керек, айналасындағы табиғат тамаша болуы керек, көлдің асты құмақ, жағасы қайраң болуы керек, көгал, тал, бау-бақша болуы керек. Айналайындар-ау, ондай жер керек болса, Форттың айналасында бәрі бар емес пе? Айналасында қымыз да, шұбат та, көкөніс те бар, тарихи орындары жетіп артылады, құдайдың өзі берген шалқар теңіз, алтын құм, тауы да, бал-бұлағы да жетіп жатыр. Ана жақта Кендірлі тұр. Ақтаудың іргесінде сонау Құрыққа дейін алтын құмды жағалау жатыр жарқырап. Қолдағы тұрған барды менсінбей, жоқтан бар жасаймын дегенді түсіне алмадым», — деді. Дегенмен, жаңа шипажай жобасы мақұлданбай қалуы да бек мүмкін.
Қазанда тағы бір қызық оқиға орын алды. Халықтың арасында жағымды жаңалық жата ма? 1 қазаннан 2 қазанға қараған түні Бейнеу-Маңғышлақ пойызының жолаушылары ерекше оқиғаның куәгерлері атанды. Айы күні жетіп отырған бейнеулік келіншек жол бойында сәбилі болды. Бұл туралы келіншекпен сапарлас болған жолаушылар хабарлады. Тұрсынай Айтжанова босану үшін Ақтау қаласына бет алған. Жол бойында сәбиі жарық дүниеге асыққанда көрші вагоннан дәрігерлер де табыла кетіпті. Оны босандырған бейнеулік терапевт дәрігерлер, апалы-сіңлілі Салима Дүйсенқызы мен Бағила Дүйсенқызы қалаға жолаушылап бара жатқан екен. Сөйтіп пойызда дүниеге есігін ашқан ұл балаға көп оқырман «Құтты болсын» тіледі.
Тепловоз хал үстінде босанғалы жатқан әйелді емханаға алып бара жатыпты. Ал «Жаңаөзен-Теңге» бағытында қатынайтын № 3 маршрутына 36 жолаушы қалай сыйып кеткені ақылға қонымсыз. Қайтыс болған 9 адамның ішінде 9 жасар Бексұлтан есімді бүлдіршін де бар екен. Жаңаөзендіктердің айтуынша, ауыр халде жатқан кішкене бүлдіршін қыздың қос аяғына ампутация жасалған. Зардап шеккен отбасыларға «Қазақстан Темір жолы» мен «Өзенмұнайгаз» мекемесі әрқайсысы 20 миллион теңге бөлсе, қарапайым жұртшылық донор болып, көп мекеме 1 күндік жалақысын аударды. Теңге ауылының тұрғындарын дүр сілкіндірген бұл апатқа кінәлілер көбейіп жатыр. 1967 жыл дүниеге келген газель жүргізушісі Қуаныш Құрбанбаев Өзбекстан Республикасының азаматы екен. Тергеу жұмыстары аяқталмаса да, «Газель» жүргізушісі мен теміржол өткелі кезекшісінің салғырттығы көп айтылып жатыр. Қаншама адамның тағдырына балта шапқан жауапсыз азаматтарға тиісті жаза берілуі тиіс. Қалай десе де, бұған 2 ғана адам кінәлі емес.
Сұхбатта білікті дәрігер 100 есімге енген белгілі тұлғалар туралы айтып берді: «Арамызда бір әскери кісі болды. Әскери оқу-жаттығу кезінде байқаусызда жерге түскен жарылғышты кеудесімен жауып қалған. Өткен жылы БАҚ-та ол кісі туралы біраз жазылған болатын. Кез келген адам олай жасай алмайды, нағыз ерлік қадам ғой. Сол кісінің жанында болып, тілдесу бақыты бұйырды, ерекше әсер алдым. Ол – нағыз батыр. Оның жанында біз — күнделікті жұмысты істеп жүрген жандармыз. Мен мынаны жасадым, бүйттім, сүйттім деп ауыз толтырып айта алмаймын».
Талғат Мұқантаев 30 жылға жуық еңбек өтілімде халықтың денсаулығын жақсартуға атсалысып, антымды адал орындап келеді. Облыста тұңғыш рет хирургия және урологияда, асқазан және өңештің ауыр ауруларына ең жоғары күрделі әртүрлі реконструктивті, видеоэндоскопиялық оталарды жемісті жасады. Сондай-ақ 4 мыңнан астам видеоэндоскопиялық отаны сәтті жүргіздім. Облыста эндохирургияның дамуына үлес қосқаны үшін «Алтын эндоскоп» Құрметтi халықаралық марапатымен марапатталған.
Биылғы жылдың өзекті деген оқиғалары осындай. 2018 жылдан жақсы жаңалықтар күтеміз.
Айгүл ДӘДЕН