© nur.kz
10 маусымнан бастап ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мұханбетқали Нұрсұлтан Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция полковнигі Мұханбетқали Нұрсұлтан Мұханбетқалиұлы 1979 жылы 21 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері қызмет атқарады. 2004 жылдан бері әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Түпқараған ауданы полиция бөлімінің бастығы, Бейнеу ауданы полиция бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының басшысы лауазымынан бастап бірнеше басқармалардың басшысы лауазымдарында болған.
Соңғы екі жылда Ақтау қаласы полиция басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен.