Бейнеу ауданы әкімінің өкімімен Асқар Айғазыев Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Асқар Тұрсынбайұлы 1982 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Білімі - жоғары, «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған. 2010 – 2014 жылдар аралығында Бейнеу аудандық жер қатынастары, Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде инспектор қызметін атқарған.
Мемлекеттік қызметті 2014 жылы Бейнеу ауылы әкімі аппаратында бас маман ретінде бастаған.
2015 жылдан бастап күні бүгінге дейін Бейнеу ауылы әкімінің аппаратында әлеуметтік жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.