Облыстық конкурстық комиссиясының оң қорытындысы және Қарақия ауданы әкімінің өкімі негізінде Қарақия ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Махмуд Қалжанов тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Махмуд Иниятұлы 1976 жылы 9 қазанда дүниеге келген. Білімі жоғары. Отбасылы.
2000 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын «машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғаш еңбек жолын 2000 жылы «АКМО - 88» ЖШС - да шебер болып бастаған.
2002-2009 жылдары жеке секторда қызмет еткен.
2009-2011 жылдары Маңғыстау селосы әкімінің орынбасары, 2011-2012 жылдары Мұнайлы аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, 2012-2013 жылдары Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Сонымен қатар, әр жылдары ауыл әкімі, бөлім басшысы және Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Аудан басшысы жаңа орынбасарға ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма беріп, алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.