Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жоғары Палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметіне Сүйіндік Тасеменұлы Алдашевтің кандидатурасы ұсынған болатын. Дауыс беру нәтижесінде Сүйіндік Алдашев аталған комитет төрағасы болып бірауыздан сайланды.