Ербол Жұмағазин Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 1979 жылы Ақтөбе облысында дуниеге келген.
Еңбек жолын «Банк Туран Алем» ААҚ оқу орталығында тәжірибеден етуші (стажер) ретінде бастаған;
2004 - 2012 жж «БТА Банк» АҚ директоры;
2012 - 2019 жж. «Еуразиялық Банк» АҚ директоры;
2020 - 2021 жж. «Jusan Bank» AҚ директоры;
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК директоры.