27 қаңтарда Нұрлан Ноғаев облыс активіне кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген, облыс әкімнің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы әкімінің жаңа бірінші орынбасары болып Жұмабай Қарағаев тағайындалды.
Лауазым иесі мемлекеттік мұнай және газ Академиясының түлегі. И. Губкин атындағы"Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша бітірген. Бұдан бөлек техника ғылымдарының кандидаты деген ғылым атағы бар.
Жұмабай Қарағаевтың мемлекеттік қызметте және жеке секторда 22 жылдық еңбек өтілі бар. Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерін басқарған.
Ол еңбек жолында Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Атырау облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі және Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2022 жылдың қаңтар айына дейін дейін ҚР Энергетика вице-министрі болды.
Жиында Нұрлан Ноғаев қазіргі уақытта өңірдегі негізгі мәселелердің бірі халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, "МАЭК" ЖШС мен қалалық коммуналдық желілерді жаңғырту болып табылатынын атап өтті.
Облыс әкімі Жұмабай Қағағаевтың кәсіби тәжірибесі мен білімін құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешуге бағыттау керектігін жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы Жұмабай Қарағаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.