Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры директорынының орынбасары лауазымына Айдос Нурбаулиевич Тастаев тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Айдос Нурбаулиевич Тастаев 1979 жылы 23 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген.
1997-1999 жылдары Ұлттық ұлан гвардиясында әскери борышын өтеген.
Білімі- жоғары.
1999-2003 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «Актерлік өнер»;
2007-2010 жылдары Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Юриспруденция»;
2014-2016 жылдары Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтында «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша білім алған.
2003 жылдан бүгінгі күнге дейін Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актеры қызметін атқарды.
Облыс әкімінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Халықаралық театр мерекесіне орай Театр Қайраткерлері Одағының алғыс хат, құрмет граматоларымен, «AQTAY-55», «Ақтау қаласына 60 жыл» төсбелгісімен, тағы да басқа көптеген марапатталған. Мәдениет саласының үздігі.
Театр сахнасында У.Шекспирдың «Гамлет» трагедиясында Актер, Н.Гогольдің «Ревизор» комедиясында Ляпкин-Тяпкин, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясында Айдар, Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» трагедиясында Төлеген, У.Шекспирдың «Ромео – Джульетта» трагедиясында Капулетти, Ф.Эрвеның «Мадемуазель Нитуш» музыкалық комедиясында Густав, Б.Беделханұлының «Махамбет» поэтикалық драмасында Қарауылқожа, Т.Әліпбаевтың «Томирис» драмасында Қабаған, С.Назарбекұлы, Н.Мұхановтың «Ант» драмасында Сұлтанғали би, Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасында Зарқымбек, З.Зайнуллиннің «41-ші жылдың келіншектері» драмасында Шәңгерей, Т.Теменовтың «Жолайрық» драмасында Қайыржан, Н.Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» реквиемінде Ахмет Байтұрсынұлы, С.Нұржанның «Хан кегі» поэтикалық драмасында Барақ сұлтан, Т.Досымовтың «Биіктік. Табылды Досымов» драмасында Табылды, тағы басқа көптеген басты рольдерді сомдаған.