ҚР Бас Прокурорының 2024 жылғы 6 ақпандағы 28/6 бұйрығымен Ерболат Сапабекұлы Әбдіров Ақтау қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ерболат Сапабекұлының жалпы прокуратура органдарында еңбек өтілімі 20 жыл. 2002 жылғы ақпанынан бастап Астана қаласы прокуратурасының бас маман қызметінен бастап, бірқатар жауапты қызметтерді атқарған.
Атап айтқанда, Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас прокуратураның мемлекеттік органдардың қызметін қадағалау департаментінің бөлім прокуроры және аға прокуроры, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Бас көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі, Қарағанды облысы және Астана қаласы прокуратураларының басқарма бастықтарының лауазымдарын атқарған.
Осы күнге дейін Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры лауазымын атқарған.